• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Тағайындау 18 Қаңтар, 2021

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі тағайындалды

311 рет
көрсетілді

Серік Жамбылұлы Шәпкенов Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

С. Шәпкенов 1979 жылы Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауылында туған. Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «экономист-математик» мамандығы бойынша бітірген. 

Еңбек жолын 2000 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде оқытушы болып бастаған. Түрлі жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты құрылымында жұмыс істеген. 

2012-2015 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болды.

2015-2016 жылдары — ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы. 

2016-2018 жылдары — Атырау қаласының әкімі.  

2018 жылы Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары болды.

Еске сала кетейік, Серік Шәпкенов 2020 жылдың 4 маусымында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалған еді.

Айта кетейік, бұған дейін аталған министрлікті Нұрымбетов Біржан Бидайбекұлы басқарған болатын.