Алматыда бұрын іздеуде жүрген Қытайдың тумасы алаяқтық жасады деген күдікке ілінді. Ол өзін медицина қызметкерімін деп таныстырып, шипа іздегендерге бедеуліктен емдеуге уәде берген, деп хабарлайды Egemen.kz
Бұған дейін бедеуліктен емдеймін деп жұртты алдаған әйелге Алматы облысының полициясы алаяқтық жасады деген күдікпен іздеу салған.
Түрксіб аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімінің бастығы Ерлан Аянбаев: "Өзін медициналық мекеме қызметкері ретінде таныстырып, гинекология саласы бойынша бедеулікті емдеуге және басқа да түрлі медициналық көмек көрсетуге уәде берген және сол үшін қомақты сыйақы сұраған. Жәбірленушілермен Алтынай есімімен танысқан. Адамдардың сеніміне кіре біледі. Сондықтан ешкім алдайды деп ойламаған. Қазір күдікті қамауда. Сотқа дейінгі тергеу ҚК-нің 190-бабы "Алаяқтық" бойынша жүргізіліп жатыр. Ол бұдан бөлек алаяқтық әрекеттер жасады деген күдік бар. Сондықтан бұл әйелді таныған немесе оның әрекетінен зардап шеккен азаматтарды мына телефон нөмірі арқылы хабарласуға шақырамыз: 295-54-61, 8-775-718-35-05 және 8-701-758-67-60", деп түйіндеді.