Ресейдің Ярославль қаласында фристайл-акробатикадан Әлем кубогы кезеңінде аралас командалық сайыс бойынша бәсекелер аяқталды. Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан 7-орынға табан тіреді, деп хабарлады ҰОК баспасөз қызметі.
Аралас командалық бәсекеге Қазақстан құрамасынан Жанбота Алдабергенова, Ақмаржан Қалмырзаева және Шерзод Хаширбаев қатысты. Жарыс барысында отандастарымыз жалпы саны 239.40 ұпай жинап, бәсекені жетінші орынмен аяқтады.
Әлем кубогының қорытындысы бойынша Ресей құрамасының екі командасы бірінші және екінші орынға ие болды. Ал Швейцария командасы үздік үштікті қорытындылады.