• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Хоккей 19 Қаңтар, 2021

«Амурды» тізе бүктірді

99 рет
көрсетілді

Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) бақ сынайтын елорданың «Барыс» командасы кезекті тур ойынын «Барыс-Аренада» Хабаровскінің «Амур» клубымен өткізді.

Статистикалық мәліметтерге сүйенетін болсақ, тұрақты біріншіліктегі ең нәтижелі бәсеке Қазақстанның «Барысы» мен Хабаровскінің «Амур» командалары арасында өтеді екен. Бүгінге дейін екі команда мұзайдында 40-тан аса кездесу өткізсе, әр ойында кемінде үш шайба соғылған. Ұзаққа бармай-ақ, екі ұжым арасындағы кейінгі екі матчтың есебін алар болсақ, хоккейшілер 4 қаңтарда өткен алғашқы ойында – 9, 6 қаңтардағы бәсекеде 6 шайба соққан болатын. Міне, күні кеше елордадағы матчта көрермендер 5 голдың куәсі болды.

Кездесудің бірінші бөлігінде айдын иелері екі шайба соғып, үзіліске көтеріңкі көңіл күйде шықты. «Барыстың» екі голын да Никита Михайлис салды. Қазақстандық шабуылшы 22-минутта есеп ашса, 27-минутта дубльдің авторы атанды. Алайда жерлестеріміз екінші кезеңді сәтсіз бастады. Ойындағы басымдықты өз қолына алған «Амур» хоккейшісі Дмитрий Лугин (37-минут) есеп айырмасын қысқартса, үшінші 20 минутта Сергей Терещенко (46-минут) таразы басын теңестіріп кетті. Арада екі минут өткенде Никита Михайлис кездесудегі үшінші шайбасын соғып, бәсекенің нүктесін қойды. Қорытынды есеп – 3:2.