• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Әлем 19 Қаңтар, 2021

Италияда ірі мафияға қарсы операция жүргізілді: 49 адам тұтқындалды

200 рет
көрсетілді

Италия полициясы елдің әкімшілік аймағына жататын Калабрияда «Ндрангета» деп аталатын мафиялық топты тұтқындау барысында 49 адамды қолға түсірді, деп хабарлайды Egemen.kz ansa.it сайтына сілтеме жасап.

Операция 18 қаңтарда Италияның оншақты қаласында жүргізілген. Ұсталғандардың бірқатар қылмыстарға қатысы бар. Атап айтқанда олар есірткі сатуға, заңсыз қару сақтауға, бопсалауға, кісі өлтіруге оқталу және тіпті сайлаушыларды сатып алған деген күдікке ілінген. 

Тұтқындалғандардың арасында Калабриядағы Розарно қаласының мэрі Джузеппе Ида да бар. Ол қазір үй қамағына алынды. 

Қала мэрі 2016 жылы жергілікті «Пизано» тобының қолдауымен әділетсіз сайланған болуы мүмкін деген күдікпен қамалған. 

Розарноның тағы бір шенеунігі Доменико Скрива да үй қамағында. 

Естеріңізге сала кетейік, бір апта бұрын Калабрияда мафияға қатысты соңғы 30 жылдағы ең үлкен сот процесі басталған болатын. «Ндрангетаның» 350-ден астам мүшесіне 400-ден астам айып тағылып отыр.