• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 19 Қаңтар, 2021

Қырғызстан Pfizer вакцинасынан неге бас тартқаны белгілі болды

171 рет
көрсетілді

Қырғызстан Pfizer вакцинасынан бас тарту туралы шешім қабылдады. Республиканың денсаулық сақтау министрі Алымқадыр Бейшеналиев Pfizer вакцинасынан бас тартуға оны сақтауға арналған тоңазытқыштардың болмауы себеп болды, деп хабарлайды Egemen.kz

«Бізге америкалық Pfizer вакцинасы ұсынылды. Алайда вакцинаны -70 градус температурада сақтау керек. Біз миллионнан аса дозаны тегін бергіміз келді. Вакцинациялау үшін бізге арнайы тоңазытқыштар қажет. Бірақ бізде мұндай тоңазытқыштар жоқ», деді министр мемлекеттік «Бірінші радиоға» берген сұхбатында.

Министрдің айтуынша, мұндай температураны ұстап тұра алатын тоңазытқыш шамамен төрт мың доллар тұрады. Ал бюджетте ондай қаражат жоқ.