Биыл 1 наурыздан бастап әлеуметтік маңызы бар бағыттарда теміржол билеттерінің бағасы 7 процентке көтеріледі, - деп хабарлайды Egemen.kz
Ресми мәліметке сәйкес, әлеуметтік маңызы бар бағыттарда халық жиі жүреді. Сол себепті осы санаттағы пойыздар мемлекет тарапынан субсидиялар бөлініп тұрады. Олар 106 бағытта жүреді. Соның ішінде 9 мемлекетаралық бағдар бар. Бүгінде COVID-19 пандемиясына байланысты мемлекетаралық пойыздардың қатынасы тоқтатылды. Ал ішкі бағдарлардың саны қысқарып отыр. Қазіргі кезде әлеуметтік маңызы бар 32 бағдарда теміржол тасымалы ұйымдастырылған.
Билет бағасы 7 процентке көтерілетін бағдарлар:
№003/004 - Нұр-Сұлтан - Алматы;
№010/009 - Нұр-Сұлтан - Алматы;
№011/012 - Алматы - Шымкент;
№021/022 - Қызылорда - Семей;
№024/023 - Ақтөбе - Алматы;
№025/026 - Алматы - Шымкент;
№031/032 - Павлодар - Алматы;
№033/034 - Ақтөбе - Алматы;
№037/038 - Нұр-Сұлтан - Маңғыстау;
№041/042 - Алматы - Атырау;
№047/048 - Нұр-Сұлтан - Атырау;
№053/054 - Нұр-Сұлтан - Достық;
№067/068- Нұр-Сұлтан - Өскемен;
№77/78 - Алматы - Маңғыстау;
№085/086 - Нұр-Сұлтан - Сарыағаш;
№258/257 - Нұр-Сұлтан - Достық (жазғы уақытта);
№313/314 - Атырау - Маңғыстау;
№321/322 - Алматы - Сарыағаш;
№339/340 - Павлодар - Преснегорьковская;
№351/352 - Алматы - Өскемен;
№353/354 - Нұр-Сұлтан - Семей;
№373/374 - Алматы - Жезқазған;
№379/380 - Алматы - Орал;
№603/604 - Нұр-Сұлтан - Арқалық;
№613/614 - Орал - Ақтөбе;
№623-627/624-628 - Нұр-Сұлтан - Қызыл-Ту – Петропавл;
№673/674 - Павлодар - Нұр-Сұлтан;
№692/691 - Ақтөбе - Атырау. Тіркемелі және жолда тоқтамайтын вагондар:
№21/22 - Алматы - Семей;
№77/313 /314/78 - Алматы - Құлсары;
№22/6941/6942/21 - Алматы - Достық (жазғы уақытта).
«Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялауға арналған шарттарға сәйкес, 2021 жылдың 1 наурызынан бастап облысаралық және қала маңындағы қатынастардағы барлық әлеуметтік маңызы бар бағыттарға теміржол билетінің құны 7%-ке артады», – делінген «Жолаушылар тасымалы» АҚ ресми хабарламасында.