• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 19 Қаңтар, 2021

Жасағаныма өкінбеймін: «Ухан күнделігінің» авторы коронавирусқа қатысты пікір білдірді

2676 рет
көрсетілді

COVID-19 пандемиясы кезіндегі Қытайдың Ухан қаласындағы өмір туралы баяндайтын құжаттың авторы Фан Фан биліктің сынына жауап айтты. Жазушы коронавирус індеті басталған алғашқы күндердегі Уханды сипаттағаны үшін Қытай үкіметі тарапынан ескерту алған, деп хабарлайды Egemen.kz

«Алда келе жатқан апат жағдайында өз пікірімізді білдіріп, бүкіл әлемге кеңес беру өте маңызды», дейді ол.

Эпидемия басталғаннан 76 күнге созылған оқшаулану кезінде Уханның 11 миллион тұрғынының басым көпшілігі Фанның онлайн күнделіктерін оқуды әдетке айналдырған. Сонымен қатар, күнделікте вирус алғаш пайда болғанда қаланың шынайы көрінісін оқып-білуге мүмкіндік болған. Шындықты ғана жариялап отырғна жазушы осыдан кейін Қытай билігінің назарына ілігіпті.

Оның айтуынша, қытайлық БАҚ-қа оның мақалаларын жарияламауға бұйрық берілген. Сонымен қатар, Қытай басылымдар оның жаңа туындыларын да жарияламайтын болған. Жазушы сонда да өзінің шегінбейтінін айтып отыр. Ол бүкіл әлемге зиян келтірген коронавирус туралы және Ухандағы жағдайға қатысты шындық айтылғаны жөн деп біледі.

Фан Фанға он мыңға жуық қорлайтын, өлім тілейтін хабарламалар келіп түскен. Әлеуметтік желілерде оны Батыспен бірігіп Қытай мемлекетіне шабуыл жасау үшін сатқындық жасайды деп айыптады. Қытай тұрғындары жазушыға тіпті АҚШ-тың барлау агенттігінің өзі күнделік жазу үшін ақша төлеген деп болжайды.