Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Абылайхан Есенұлы Оспанов берген өтінішіне сәйкес Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz
Абылайхан Оспанов 1986 жылы 16 маусымда Алматы қаласында дүниеге келген. Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін тәмамдаған.
Әр жылдары «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының республикалық штабында, түрлі коммерциялық ұйымдарда, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, ішкі істер, байланыс және ақпарат, көлік және коммуникациялар, инвестициялар және даму министрліктерінде, ҚР Байланыс және ақпарат агенттігінде, «Нұр Отан» партиясы орталық аппаратының қабылдауында, «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ жұмыс істеді. 2017-2019 жылдары «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ басқарма төрағасы болды.