• RUB:
    5.54
  • USD:
    474.71
  • EUR:
    511.74
Басты сайтқа өту
Руханият 20 Қаңтар, 2021

Әлімғазы Райымбековті ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті

672 рет
көрсетілді

Алматы облысы Көксу ауданы Мәмбет ауылында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Тақиялы періште» фильмінде басты рөлді сомдаған Әлімғазы Райымбековпен қоштасу рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтық сапарға шығарып салу рәсімі барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып өтті.

Еске сала кетейік, белгілі қазақстандық актер 19 қаңтар күні 86 жасында өмірден озды. Кейінірек оның коронавирустан қайтыс болғаны белгілі болды. 

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, «Қазақфильм» президенті Ақан Сатаев марқұмның жақындары мен туыстарына көңіл айту жеделхаттарын жолдады.