Анчан есімімен белгілі болған тайландық әйел патша отбасын сынағаны үшін 43 жылға түрмеге жабылды. Бұл монархияны қорлағаны үшін елдегі ең ауыр үкімдердің бірі болмақ, деп хабарлайды Egemen.kz BBC NEWS агенттігіне сілтеме жасап.
Тергеу барысында 63 жастағы әйел жай ғана аудио файлдармен бөлісіп, олардың мазмұнына түсініктеме бермегені айтылған.
Айта кетсек, Тай елінің «Lèse-majesté» заңы монархияны кез келген адамға қорлауға тыйым салады.
Кейін белгілі болғандай, ол бастапқыда 87 жылға сотталған, бірақ бұл мерзім оның кінәсін мойындауына байланысты екі есе қысқарды.
Сот отырысы жабық есік жағдайында өткен, ал сотталушыға қарсы айғақтар ұлттық қауіпсіздік себептері бойынша құпия сақталып отыр.
Айтолқын МЫРЗАКАРИМ