• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
Аймақтар 20 Қаңтар, 2021

20 қаңтар: Жетісайда егін маусымы басталды

328 рет
көрсетілді

Түркістан облысы Жетісай ауданының диқандары егістік алқаптарындағы жұмыстарын бастап кетті. Егін егуді ерте бастаған Атамекен, Ералиев ауыл округтерінің диқандары қазірдің өзінде жалпы 12 гектар жерге қырыққабат отырғызып үлгерген, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Ұлман ата» шаруа қожалығының төрағасы Бақыт Қорғанбаев қырыққабат көшетін егуді желтоқсан айында бастап кеткен.

«Біздің аудан ерте көктем шығатын аймаққа жатады. Жылда ауа райының осындай қолайлылығын тиімді пайдаланып, егістік жұмыстарын ерте бастауға қамданамыз. Қазіргі таңда 2 гектар аумаққа қырыққабат отырғыздық. Өткен жылы осы жерден 70 тонна өнім алғанбыз, биыл 100 тоннаға жеткізуді жоспарлап отырмыз», деді қожалық иесі.