• RUB:
    4.97
  • USD:
    497.26
  • EUR:
    525.21
Басты сайтқа өту
Аймақтар 20 Қаңтар, 2021

Гүлшара Әбдіқалықова Социалистік Еңбек ерін құттықтады

390 рет
көрсетілді

Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова еңбек ардагері, Социалистік Еңбек ері Арапбек Әбиевпен кездесіп, 80 жас мерейтойымен құттықтады.

- Сыр өлкесінде еліміз үшін аянбай еңбек етіп, өзінің адалдығымен, парасаттылығымен ерекшеленген азаматтарымыз баршылық. Солардың бірі Арапбек Әбиев ағамыз биыл мерейлі 80 жасқа толып отыр. Сізді Сыр өңірі жұртшылығының атынан мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!, - деді облыс әкімі.

Арапбек Әбиев 1941 жылғы 9 қаңтарда Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында дүниеге келген. Жаңақорғандағы №17 кәсіптік-техникалық училищені бітіріп, дала академигі атанған күрішші Ыбырай Жақаевтың мектебінен өткен.

1968-1977 жылдары күріш звеносының жетекшісі болып, 1978-1994 жылдары бригада басқарды, 1994-1997 жылдары кеңшар директорының шаруашылық жөніндегі орынбасары болды. Алғашқы жылдан бастап күріштен мол өнім жинап, озат диқан атанды.

Ауылшаруашылығы саласының дамуына қосқан үлесі үшін Социалистік Еңбек ері атағын алды.   Бүкілодақтық ауыл шаруашылық жетістіктері көрмесінің күміс және алтын медальдарымен марапатталды.

Шарада аймақ басшысы мерейтой иесіне Сыр елінің әлеуметтік-экономикалық дамуына сіңірген еңбегі үшін облыстың ең жоғары наградасы – Қызылорда облысының Құрмет грамотасын табыстап, халқымыздың дәстүрі бойынша иығына шапан жапты.

Шара соңында мерейтой иесі Арапбек Әбиев көрсетілген құрметке ризашылығын білдірді.