• RUB:
    5.54
  • USD:
    474.71
  • EUR:
    511.74
Басты сайтқа өту
Аймақтар 21 Қаңтар, 2021

Алматы облысының соты карантинге жабылды

1117 рет
көрсетілді

Алматы облысының соты 20 қаңтардан 2 ақпанға дейін карантинге жабылды.Бұл туралы соттың Facebook -тегі парақшасында жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Талдықорған қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 20 қаңтардағы «Алматы облыстық соты» РММ ғимаратында және аумағында карантиндік шаралар енгізу туралы» қаулысымен облыстық сот және оның аумағында 2021 жылдың 20 қаңтарынан 2 ақпанына дейін карантиндік шаралар енгізілді», делінген хабарламада.

Қаулыға сәйкес:

Соттың жұмысы қашықтан жұмыс режиміне толық ауыса отырып, толығымен тоқтатылады;

Сот ғимаратына СЭҚ қызметкерлерінен басқаларының келуіне қатаң тыйым салынады;

Осы мерзімде қарауға тағайындалған істер кейінірек мерзімге ауыстырылады, тағайындалған күні мен уақыты туралы ақпарат қатысушыларға қосымша жолданады;

Қылмыстық процессуалдық кодекстің 107-бабына сәйкес келіп түскен материалдарды судья Талдықорған қалалық сотының ғимаратында қашықтықтан қарайды.