• RUB:
    5.48
  • USD:
    474.09
  • EUR:
    514.01
Басты сайтқа өту
Аймақтар 22 Қаңтар, 2021

Елордада қысқа мерзімді кәсіптік оқу басталды

256 рет
көрсетілді

Елордалық Жұмыспен қамту орталығы «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында осы жылдың 21 қаңтарынан 3 ақпанына дейін кәсіпкерлер палатасы оқу орындарының тізімінде тұрған білім беру ұйымдарынан қысқа мерзімді кәсіптік оқуға қатысу үшін өтінімдер қабылдауды жүзеге асырады, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Елордада 2021 жылы қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды ұйымдастыру үшін сұранысқа ие мамандықтар тізімі:

1. Графикалық жұмыстар дизайнері (анимация және бейнографика, веб-дизайнер)2. Краншы машинист3. Автомеханик4. Жиһаз дизайнері5. Жиһаз жинаушы (ағаш)6. Техник-электрик7. Тігінші (тігінші оператор)8. Шаштаразшы9. Инженер-программист (киберқауіпсіздік саласының маманы)10. Ағаш ұстасы11. Сырлаушы-сылақшы12. Кондитер13. Әкімгер14. Сауда агенті (риэлтор)15. Наубайшы (жалпы бейін)16. Өнім менеджері17. Тәрбиешінің көмекшісі18. Сауда залының кассирі19. Дәнекерлеуші20. Сатушы-кассир (консультант сатушы)21. Тәрбиеші22. Аспазшы (жалпы бейін)23. Слесарь-сантехник24. Автоэлектрик25. Визажист26. Маникюр шебері27. Smm менеджері28. Тігінші

Барлық сұрақтар бойынша Бейбітшілік көшесі, 25, «Өркен» БО мекенжайында орналасқан «Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-ге хабарласуға болады. Байланыс телефондары: 95-44-16, 95-44-24, 8 775 753 4391.