• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Спорт 22 Қаңтар, 2021

Конор Макгрегордың табысы қанша?

358 рет
көрсетілді

Қаңтардың 23-нен 24-іне қараған таңда Әбу-Дабиде аралас жекпе-жектен UFC турнирі өтеді. Сол кештің басты бәсекесінде ирландиялық Конор Макгрегор мен америкалық Дастин Порье күш сынасады.  

32 жастағы Ирландияның өкілі аралас жекпе-жектен 26 кездесу өткізіп, 22 рет жеңіске жетті. 20 кездесуді мерзімнен бұрын аяқтады. АҚШ спортшысының да жасы 22-де. Ол 32 жекпе-жектің 26-сын өз пайдасына шешті. 19 мәрте айқын басымдыққа ие болды. Осы жарыста Конор Макгрегор 5 миллион және Дастин Порье 1 миллион доллар көлемінде пайда табады. Сонымен қатар, олардың есепшортына ақылы трансляциядан да біраз қаражат түседі.

Ал күні кеше дәл сол Әбу-Дабиде қазақстандық Сергей Морозов пен ресейлік Омар Нұрмагомедовтың айқасқаны белгілі. Бұл бәсекеде дағыстандық спортшы айқын жеңіске қол жеткізді. Осы жарысқа қатысқаны үшін жерлесіміз 13,5 мың АҚШ долларына иелік етті.