Жамбыл облысында газ баллоны жарылысынан екі адам зардап шекті, деп хабарлайды Egemen.kz
«23 қаңтарда сағат 16: 20-да Жамбыл облысы ТЖД дағдарыстық жағдайлар басқармасына Жамбыл ауданындағы Шайқорық ауылында жеке үйдің дәлізінде тұрған 3 литрлік газ баллонының жарылғаны туралы хабар келіп түсті. Жарылыстан дәліздің қабырғасында жарықтар пайда болып, кіреберіс есік қираған. Үй иесінің 33 және 13 жастағы баласын күйік шалып, ауруханаға жеткізілді», делінген хабарламада.
Оқиға орнына ТЖД-дан 11 қызметкер, жедел жәрдем бригадасы, 4 полиция барды. Департамент газ баллонын қауіпсіздік ережесіне сәйкес сақтау және пайдаланылу керектігін ескертеді.