Теміртауда зейнеткерді тонады деген күдікпен ер адам ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтын
18 қаңтарда Қарағанды облысы Теміртау қаласының ПБ Шығыс полиция бөліміне 65 жастағы қала тұрғыны жүгінген. Зейнеткер үйінің кіреберісіне кірген кезде оған кенеттен белгісіз ер адам шабуыл жасаған. Ол жәбірленушінің қолынан 500 мың теңге салынған әмиянын жұлып алып, қашып кеткен.
Жәбірленуші күдіктінің 40-45 жас аралығындағы ер адам екенін айтып, оның сырт келбетін сипаттап берген.
«Бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 191-бабы (Тонау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. 22 қаңтарда жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері осы қылмысты жасауға күдікті ретінде 43 жастағы ер адамды ұстады. Ол кінәсін мойындап, айғақ заттар алынды», делінген хабарламада.