• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Саясат 26 Қаңтар, 2021

Көліктегі полиция қылмысқа «төзбейді»

413 рет
көрсетілді

Ішкі істер министрлігі Көліктегі полиция департаментінде осы департамент бастығы Оңал Бекеевтің төрағалығымен кеңейтілген кеңес өткізілді, онда 2020 жылғы жедел-қызметтік жұмыстың қорытындылары және көлік полициясының алдағы кезеңге арналған міндеттері талқыланды. Кеңеске КПД-нің басшылығы, Ардагерлер кеңесі және жеке құрамы қатысты.

Кеңесте департамент еліміздің темір жол және әуе көлігі объек­тілеріндегі жедел жағдайдың жай-күйіне тиісті бақылауды қам­тамасыз ету мақсатында ел Президенті мен Ішкі істер министрі қойған міндеттерді орындау бо­йынша тиісті іс-шаралар қабылдап жатқаны туралы айтылды.

«Жалпы, Департаменттің қыз­мет көрсету учаскесінде өткен жы­лы барлығы 1484 қылмыстық құ­қық бұзушылық, оның ішінде 742 қылмыс және 742 теріс қылық тіркелді.

Жүргізілген кешенді ұйым­дас­тыру-практикалық шаралардың нәтижесінде құқық бұзушылықтар санын 30,8%-ға, оның ішінде ауырлығы орташа санаттағы қыл­мыстардың 50,9%-ға және онша ауыр емес қылмыстарды 12%-ға төмендетуге қол жеткізілді. Сон­дай-ақ бөтеннің мүлкін ұрлау қылмысының саны 50,7%-ға және алаяқтық 13,8%-ға төмендеді. Қылмыстың жалпы ашылуы 87%-дан асты.

Департаменттің аумақтық бөліністерінің күшімен 415 есірткі қылмысы, оның ішінде 29 өткізу фактісі анықталды. Заңсыз айна­лым­нан 164 кг есірткі заты тәркі­ленді», деді Оңал Бекеев.

Департамент бастығының айтуынша, Елбасының ұсақ құқық бұзушылықтарға, тәртіпсіздіктерге «мүлдем төзбеушілік» қағидатын іске асыру мақсатында өткен жылы ауқымды профилактикалық жұ­мыстар жүргізілді. Соның нәти­жесінде түрлі құқық бұзушылықтар үшін 43569 азамат әкімшілік жа­уапкершілікке тартылды. Сондай-ақ көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 465 шетелдік әкімшілік жа­уапкершілікке тартылды.

Кеңес барысында ел Президенті Қ.Тоқаевтың Жолдауындағы ба­сым­дықтарды жүзеге асыруға баса назар аударылды. Бұдан соң бірқатар желілік бө­лі­ніс бас­шы­ларының есептері тың­далды.

Сонымен қатар, басқосуда кадр саясатын жетілдіру, қызметтік-жауын­герлік даярлықты нығайту, тәртіп пен заңдылық, жеке құрам ара­сында сыбайлас жемқорлық құ­қық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері де кеңінен талқыланды.

Жедел кеңес соңында кө­лік полициясының үздік қыз­мет­керлері марапатталды.