• RUB:
    4.83
  • USD:
    443.37
  • EUR:
    474.49
Басты сайтқа өту
Қазақстан 26 Қаңтар, 2021

Елімізде 100 жаңа ІТ-компания құрылады

119 рет
көрсетілді

100 жаңа ІТ-компания құрылып, 10 мыңнан астам білікті маман дайындалады. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-Министр Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

«Экономиканы сапалы цифрландыру бойынша белсенді жұмыс жалғасады. 2021 жылы талшықты-оптика 2 мыңнан астам ауылда пайда болады. Жер учаскесін беру процесі түбегейлі өзгереді. Жер учаскесін онлайн рәсімдеуге болады», деді Асқар Мамин.

Оның айтуынша, мемлекеттік қызметтердің 90 пайызы смартфон арқылы қолжетімді болады. 100 пайыз проактивті әлеуметтік төлемге көшу де жоспарланып отыр. 100 жаңа ІТ-компания құрылып, 10 мыңнан астам білікті маман дайындалады.

«Мәліметтерді өңдеу және сақтау саласындағы инвестиция өсімі 72 млрд теңгені құрайтын болады. Инновациялық жобалар 6 млрд теңгеге гранттық қаржыландыру алады»,  деді Премьер-Министр.