• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
18 Желтоқсан, 2013

Грецияда қаржы дағдарысы экологияға зиян келтіруде

465 рет
көрсетілді

Грециядағы қаржы дағдарысына байланысты Афина қаласының мыңдаған тұрғыны үйлерін отынмен жылытуда. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.

Түнгі мезгілде Греция астанасының аспанын қою түтін басады. Мыңдаған қала тұрғыны коммуналдық қызмет ақысының қымбаттауына байланысты үйлерінде пеш жаға бастаған. Себебі тұрғындар үшін табиғи газдың орнына отын пайдалану әлдеқайда тиімді болмақ. Әсіресе, жалақысы төмен немесе дағдарыс салдарынан жұмысынан айырылған азаматтар үйлеріндегі электр қуатының ақысын төлей алмай жарықсыз қалуына байланысты отынмен жылынудан басқа амалдары жоқ екенін айтып қынжылады.

Греция ұлттық метеорология қызметі Афинада ауаның қатты ластанып, соның әсерінен желсіз суық ауа райы туындағанын ескертті. Қоршаған орта, энергетика және климаттық өзгерістерді қорғау министрлігі зерттеу жүргізу нәтижесінде Афинада ауа ластануының деңгейі бір кубометрге шаққанда 110 микрограммды құрағанын мәлімдеді. Мамандардың айтуынша, бұл көрсеткіш ондағы ауаның адам денсаулығына зиян келтіріп, онкологиялық, тыныс пен жүрек ауруларының пайда болуына ықпал ету мүмкіндігін көрсетеді.

Айдар Өрісбаев.

Дереккөз: Itar-tass.com

Соңғы жаңалықтар