• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Руханият 27 Қаңтар, 2021

Сартай батырдың ашамайы

1251 рет
көрсетілді

Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорында белгілі Сартай батыр Байжанұлының ашамайы сақталған. Бұл ашамайды Есет батыр немересі үшін арнайы шаптырған екен.

Сартай – Кіші жүздің үлкені – Әлімнен тарайтын Жақайым аталығынан. 15 жасында Аңы­рақай шайқасына қатысқан деп айтылатын Сартай батыр туралы Нұрмағамбет Қосжан­ұлының «Сартай батыр немесе мың бала» дастаны сақталса, кейін осы оқиға желісімен кино­режиссер Ақан Сатаев «Жау­жүрек мың бала» фильмін түсірген.

Сартай батырдың баласы Көкебай Амангелді Има­нов бастаған ұлт-азаттық көте­ріліске қатысқан. Көкебай қайтыс болған соң, жәдігер оның баласы Құлназарға берілген. Оралдағы музей қорына 1985 жылы Қызылорда облысы Аралқұм ауданында тұратын Құлназардың ұлы Маты­ғұл есімді азамат тапсырған екен.

Айта кетейік, ашамай – жас бала ат жалын тартып мінгенде алғаш тақымы тиетін ағаш ер. Сартай батырдың ашамайы қа­йыңнан шауып жасалған екен.

Сартай Байжанұлы шамамен 1711-1785 жылдар арасында өмір сүрген десек, бұл құнды жәдігерге үш ғасырдан асып бара жатыр екен.

 

Батыс Қазақстан облысы