• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Аймақтар 29 Қаңтар, 2021

Жамбыл облысында ұрлықтың көп бөлігі Тараз қаласында жасалады

256 рет
көрсетілді

  Жамбыл облысында жергілікті полицейлер өткен жылы карантиндік  шектеу шараларына қарамастан, өңірдегі қылмыс санының төмендеуіне күш салған. Бұл ретте өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Ардақ Мадимаров облыстағы өзге де жағдай туралы әңгімеледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ол ұрлықтың алдын алу мен тергеу жұмыстарының қорытындысын айтты. «Өткен жылы біз, жалпы қылмыстардың санын  31,1 пайызға  азайттық. Мәселен, 2019 жылы өңірде 8246 қылмыс болса, оны 2020 жылы 5684-ке төмендеттік. Ал, ашылу көрсеткішін 58,3 пайыздан 61,9 пайызға дейін жақсарттық», деді ол өз сөзінде.

Ардақ Мадимаровтың айтуынша, облыстағы әрбір үшінші қылмыс –  бөтеннің мүлкін ұрлау дерегі екен. Алайда, қазіргі кезде тәртіп сақшыларының жұмысының нәтижесінде өзгенің материалдық мүлкіне қол салатындардың қарасы азайған. Мәселен, жалпы ұрлықтар саны 47,5 пайызға дейін  төмендеп, ал қылмыстың ашылуы 46,7 пайызға дейін артқан. Сондай-ақ Ардақ Мадимаров ұрлықтың ең көп бөлігі облыс орталығында жасалатынын атап өтті. Өткен жылы ұрлық дерегі бойынша 546 пәтер тоналса, 758 ұялы телефондарды ұрлау дерегі тіркеліпті. Қоғамдық орындар мен көліктерде қалта ұрылары көп кездесетіні белгілі. Бұл ретте былтыр кісі қалтасына қол салған 127  ұрының  53-і қамауға алынған. Полиция полковнигі өз сөзінде тәртіп сақшыларына еріктілердің де көп көмек тигізгенін атап өтті. Әсіресе хабар-ошарсыз кеткен адамдарды табу жұмысында ерікті жастардың жәрдемі көп болған. Олар полицейлермен бірлесе отырып дерексіз кеткен 130 адамның орналасқан жерін анықтаған.

 

Жамбыл облысы