• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Аймақтар 29 Қаңтар, 2021

Қарағанды облысында бесінші нейрооңалту орталығы ашылды

336 рет
көрсетілді

Кеншілер астанасында жаңа нейрооңалту орталығы ашылып, жұмыс істей бастады, деп хабарлайды Egemen.kz. облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңадан пайдалануға берілген «Луч» нейрооңалту орталығында бір жыл ішінде бес мыңға жуық пациент сауықтырудан өте алады деген болжам бар. Медициналық мекеме заманауи талаптардың бәріне жауап береді: мұнда үздік мамандар жұмыс істейді, озық жабдықтармен қаматамсыз етілген және бұл жерде халықаралық емдеу стандарттары шоғырланған.

«Луч» нейрооңалту орталығының бас дәрігері Гүлнәр Мәлік филиалдың тәулігіне 75 пациентке қызмет көрсетуге мүмкіндігі жететін айтады.

– Біз мұнда массаж, физиопроцедура сияқты оңалтудың стандартты әдістерін ғана емес, балшықпен емдеуді, гидротерапияны да қолданамыз. Орталық әлемдік өндірушілердің озық құрал-жабдықтарымен жарақтандырылған, – дейді бас дәрігер.

Айта кету керек, жаңа медициналық мекемеде науқастарды инсульт, нейрохирургиялық және травматологиялық оталардан кейін қалпына келтіру үшін барлық жағдай жасалған. Сондай-ақ мұнда жүре алмайтын науқастардың су процедураларына қол жеткізуін жеңілдету үшін арнайы көтергіш жабдығы бар екі бассейн жұмыс істейді.

Бүгінгі күнде  «Луч» нейрооңалту орталығының Қарағанды, Жезқазған және Теміртау қалаларында үш филиалы жұмыс істейді. Алдағы уақытта сырқатынан толық айықпаған адамдарға ауадай қажет медмекемені Балқаш қаласынан да ашу жоспарда бар екен.