• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 29 Қаңтар, 2021

Волонтерлік бір жылмен шектелмейді - министр

162 рет
көрсетілді

Алдағы уақытта қайырымдылық және волонтерлік жөніндегі заң жобаларын жетілдіру жоспарда бар. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz

«Әрине, азаматтық қоғаммен байланыс орнату – министрлік құзырындағы негізгі салалардың бірі. Бұл ретте, 2020 жылы 27 тамызда Мемлекет басшысының жарлығымен Азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасы қабылданды. Аталған құжат еліміздегі азаматтық секторды дамытудың алдағы он жылға арналған негізгі стратегиялық бағыттарын айқындайды. Оның үлкен бір бөлімі – бұл сапалы заң шығару. Бұл ретте, өздеріңіз білесіздер, қоғамдық кеңестердің мүмкіндігін кеңейтетін және мұндай Кеңестерді квазимемлекеттік секторда да құруды міндеттейтін Заңға қол қойылды. Бүгінде «Қоғамдық бақылау туралы» жаңа заң жобасы мен оған ілеспе «онлайн-петиция» туралы толықтырулар қоғамда қызу талқыдан өтіп жатыр», деді А. Балаева министрліктің кеңейтілген алқа мәжілісінде.

Оның айтуынша, алдағы уақытта қайырымдылық және волонтерлік жөніндегі заң жобаларын жетілдіру жоспарда бар.

«Өздеріңіз куә болдыңыздар, Президент бастамасымен жарияланған «Волонтерлер жылы» – еріктілер қозғалысының дамуына тың серпін берген жасампаз жоба болды. Сондықтан да, ел Президенті Үкіметке бұл жұмысты тұрақты түрде жалғастыруды тапсырды. Қазір арнайы Жол картасы жасақталып, іске асуға дайын. Мұның өзі - «Волонтерлік» ұғымның ауқымы кең және ол бір жылмен немесе бір жоба аясында ғана шектелмейтіндігін көрсетеді», деді министр.