• RUB:
    4.69
  • USD:
    513
  • EUR:
    541.16
Басты сайтқа өту
Қазақстан 29 Қаңтар, 2021

Ақпарат министрі: Өңірлерде министрлік күндері ұйымдастырылады

201 рет
көрсетілді

Бүгінгі Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің алқалы отырысында Аида Балаева «онлайн/офлайн» форматтарда «өңірлердегі министрлік күндері» ұйымдастырылатынын жария етті, деп хабарлайды Egemen.kz

Ақпарат және қоғамдық даму министрі алдағы аптадан бастап қандай іс-шаралар ұйымдастырылатынын тілге тиек етті.

«Десе де, бұл туралы халықтың, әсіресе, өңірлердегі жұртшылықтың кеңінен біліп, бар мәселемен бөліскені дұрыс», деді министр.

Аида Балаеваның айтуынша, келесі аптадан бастап ел алдына шығып, онлайн/офлайн форматтарда «өңірлердегі министрлік күндерін» ұйымдастыруды жоспарлап жатыр.

«Баршаңызға мәлім, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының «Халықтың үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымын қалыптастыру – әрбір мемлекеттік органның тікелей міндеті. Әрине, бұл концепция мемлекет тек «тыңдаушы» ғана емес, қажет ақпаратқа жалпақ жұрттың қолын жеткізіп, әрдайым өзара байланыста болуды көздейді. Бұның бәрі, сөз жоқ, халыққа бір табан жақындауда 2020 жылға беретін оң баға деп білемін», деді А. Балаева.