• RUB:
    5.48
  • USD:
    474.09
  • EUR:
    514.01
Басты сайтқа өту
Коронавирус 29 Қаңтар, 2021

Шетелден келген 433 қазақстандықтың ПТР анықтамасы жоқ

164 рет
көрсетілді

28 қаңтарда Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, Ресей Федерациясы және Өзбекстаннан 12 халықаралық әуе рейсі келді.

2 029 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 596 адам, анықтамасыз 433 ҚР азаматтары келді. Оның ішінде: Алматы қаласының әуежайына – 7 рейс, 1 111 жолаушы, анықтамамен - 822, анықтамасыз - 289; Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 4 рейс, 793 жолаушы, анықтамамен - 649; анықтамасыз - 144;Орал қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 125 жолаушы анықтамамен келген.Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.27 қаңтарда анықтамасыз келген 348 ҚР азаматының ПТР-талдау нәтижелері бойынша Стамбул – Алматы рейсімен келген бір жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды.