• RUB:
    5.54
  • USD:
    474.71
  • EUR:
    511.74
Басты сайтқа өту
Қоғам 29 Қаңтар, 2021

Алдын алу жұмыстарының арқасында сыбайлас жемқорлық қылмыстары 11%-ға төмендеді

233 рет
көрсетілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев алдын алу жұмыстарының арқасында сыбайлас жемқорлық қылмыстары 11%-ға төмендегенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Жүйелі алдын алу жұмыстарының арқасында 2020 жылы тіркелген сыбайлас жемқорлық қылмыстарының саны 5%-ға (1 717-ден 1 632-ге дейін) азайды. 2017 жылдан бастап 2020 жылға дейінгі кезеңде тіркеу тіпті 11%-ға қысқарғанын атап өткен жөн, бұл сыбайлас жемқорлық қылмыстар санының тұрақты төмендеу үрдісін көрсетеді», деп атап өтті А. Шпекбаев.