• RUB:
    5.54
  • USD:
    474.71
  • EUR:
    511.74
Басты сайтқа өту
Парламент 29 Қаңтар, 2021

Сенаторлар дипломатиялық қызметті жетілдіру мәселелерін талқылады

117 рет
көрсетілді

Сенатта Палата Төрағасының орынбасары Асқар Шәкіровтің төрағалық етуімен Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшелері ҚР сыртқы саясат мекемесінің өкілдерімен кездесіп, Қазақстанның дипломатиялық қызметін дамытудағы құқықтық мәселелер мен басымдықтарды талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жүздесуде сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев "Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы" заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын таныстырды. Одан кейін қазіргі кезде Сенатта қаралып жатқан осы заң жобасы бойынша пікір алмасылды.

Кездесуге қатысушылар дипломаттардың әлеуметтік қорғалуын арттыру қажеттігі, олардың қатарына білікті жаңа мамандарды тарту және даярлау мәселелерін талқылады. Сенаторлар сондай-ақ біздің дипломаттарға шет тілін игеру және моральдық-этикалық тұрғыда қойылатын ерекше талаптарға қатысты мәселелерге назар аударды.

Кездесуге мемлекеттік органдардың, сондай-ақ сыртқы саясат мекемесіне қатысты құрылымдардың басшылары қатысты.