• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 29 Қаңтар, 2021

Дәрігерлерге үстемеақы төлеу бақылауда - Ақмола облысы

318 рет
көрсетілді

Денсаулық сақтауды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес 2024 жылға қарай дәрігерлердің орташа айлық жалақысын кезең-кезеңімен 2 есеге және орта медициналық персоналдың жалақысын 1,6 есеге ұлғайту көзделген. Бұл туралы брифингте Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Нариман Сыздықов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

«Коронавирустық инфекциямен ауыратын науқастарға медициналық көмек 1558 инфекциялық, (681 - 44% жұмыспен қамтылған) және 123 реанимациялық төсек (53 – 43% жұмыспен қамтылған, коронавирустық инфекция себебінен 22 төсек – 18% жұмыспен қамтылған), сондай-ақ 30 карантиндік төсек-орны бар 15 медициналық ұйым арқылы көрсетіледі. Жұмыс істеп тұрған төсек-орны бар медициналық мекемелер 100 пайыз кадрлармен жасақталған», деді Нариман Сыздықов.

Бүгінгі таңда барлығы 438 медицина қызметкері жұмылдырылған және жалпы 1052 медицина қызметкері тартылған.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, қауіпті 3 топтағылар бойынша COVID-19-ға қарсы күреске тартылған орта есеппен 4228 медицина қызметкерлерін ынталандыру және қолдау үшін 4 млрд 688 млн теңге бөлінді. Денсаулық сақтауды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес 2024 жылға қарай дәрігерлердің орташа айлық жалақысын 2 есеге және орта медициналық қызметкерлердің жалақысын 1,6 есеге кезең - кезеңімен өсіру көзделген», деп толықтырды Н.Сыздықов.

Мәселен, 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап өңірдің 32 медициналық ұйымдарында орташа айлық жалақы 1559 дәрігерде 30 пайызға (211 мың теңгеден 274 мың теңгеге дейін) және орта медициналық персоналдың 5092 өкілінде 20 пайызға (134 мың теңгеден 161 мың теңгеге дейін) өсті. Өңірде бір қалалық, 18 аудандық қосалқы станция және 19 жедел жәрдем бөлімшесі жұмыс істейді. Ал қамту аймағы ауылдық елді мекендерде 2019 жылғы 14,2 пайыздан ағымдағы жылы 27,2 пайызға дейін ұлғайды, ауыл халқының 67,6 пайызы қамтылды. Облыстық жедел жәрдем станциясының қуаты тәулік бойы жұмыс істейтін 69 бригаданы құрайды, оның 9-ы мамандандырылған дәрігерлік және 60-ы - фельдшерлік.