• RUB:
    5.54
  • USD:
    474.71
  • EUR:
    511.74
Басты сайтқа өту
Қоғам 29 Қаңтар, 2021

Дәріханаларға мониторинг жұмыстары жалғасуда

232 рет
көрсетілді

«Шығыс - Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі Шығыс Қазақстан облысы аумағындағы дәріханаларда дәрі-дәрмектердің болуын анықтау үшін мониторингтік топтың жұмысын күшейтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Осы орайда «Шығыс – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің өкілдері Өскемен қаласында орналасқан бірнеше дәріханаларды аралап, дәрі қорының жеткілікті болуын, сонымен қатар санитарлық талаптардың сақталуын қадағалады.

Жобалық кеңсе өкілдері дәрі-дәрмектерге бағаның негізсіз көтерілуіне жол бермеу мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, дәріхана сатушыларына тұтынышуларға сапалы қызмет көрсетуге шақырды.