• RUB:
    5.37
  • USD:
    477.04
  • EUR:
    520.78
Басты сайтқа өту
Әлем 01 Ақпан, 2021

Өзбекстанда Қытай вакцинасын ектіретіндер саны күрт өсті

215 рет
көрсетілді

Вакцинаны сынауға қатысушылардың саны екі есеге өсті, деп хабарлайды Egemen.kz UZnews сайтына сілтеме жасап.

Инновациялық даму министрлігі Қытайлық Zhifei Loncom Biofharmaceutical компаниясы өндірген ZF 2001 вакцинасын ектіруге еріктілер санының артқанын хабарлады.

Қазіргі уақытта еріктілер саны 5000-нан 9000-ға дейін артқан.

«Біріншіден, зерттеудің ауқымдылығының себебі - екінші және үшінші доза фазаларында зерттеуге қатысушылар саны азаюында. Екіншіден, Өзбекстанда коронавирусқа қатысты жағдай тұрақталып жатқандықтан, коронавирустың вакцина алушыларға әсерін зерттеу қиын, өйткені вакцинаның әсері вирус ағзаға жұққан кезде анықталады», делінген хабарламада.

 

Аида ОРАЛБЕК