Журналист-жазушы Қали Сәрсенбай бүгіннен бастап «Ана тілі» газетінің бас редакторы қызметіне кірісті, деп хабарлайды Egemen.kz
Өмірбаян
Қали Қошқарұлы Сәрсенбай 1959 жылы 22-наурызда Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жайылма ауылында дүниеге келген. 1976 жылы орта мектептi бiтiрiп, осы жылы ҚазҰУ-дiң журналистика факультетiне оқуға түсiп, оны 1981 жылы журналист мамандығы бойынша бiтiрiп шықты.
Еңбек жолын «Лениншiл жас» газетiнде (қазiргi «Жас Алаш») корректор болып бастап, осы басылымда 1987 жылға дейiн тiлшi, аға тiлшi болып iстедi. 1987-1988 жылға дейiн «Өркен – Горизонт» газетiнде жауапты хатшы, 1988 жылдан «Жетiсу» газетiнде жауапты хатшының орынбасары болды. 1990-1995 жылдар аралығында «Егемен Қазақстанда» тiлшi, аға тiлшi, бөлiм бастығы қызметiн атқарды. 1995-1997 жылдары «Парасат» журналы Бас редакторының орынбасары. 1997-2005 жылға дейiн «Жас Алаш» газетi Бас редакторының бiрiншi орынбасары болып еңбек еттi.
2005 жылдың 23-ақпанынан бастап «Алматы ақшамы» газетiнiң Бас редакторы.
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Президент сыйлығының лауреаты, Алматы қалалық Мәслихатының депутаты, «Құрмет» (2006ж., 8 желтоқсан), «Парасат» (2018ж., желтоқсан) ордендерiнiң иегерi, «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалы Саяси кеңесінің мүшесі, «Нұр Отан» партиясы XV және XVI съездерінің делегаты, «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс XVIІ съезінің қатысушысы, Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының БАҚ саласындағы сыйлығының лауреаты, Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.
«Өнер-өмiр», «Сендердi сағынғанда», «Тұлға-тағдыр», «Шал мен шындық», «Абыз-аңыз», «Шер-шындық» атты кiтаптардың авторы. Екi ұл, екi қызы бар. Жұбайы Таңсұлу Мирманова халықаралық «Түркiстан» газетiнде қызмет iстейдi.