Асқар Мамин Үкіметтің 2021 жылғы басты мақсаттарын атады, - деп хабарлайды Egemen.kz
Асқар Мамин шағын және орта бизнес - экономиканың дамуына серпін беруі тиістігін, ол үшін барлық жағдайды жасау қажеттігін баса айтты. Денсаулық сақтау және білім беру жүйелерін, инфрақұрылымды және нәтижелі жұмыспен қамтуды дамытуға ерекше назар аудару керектігінатап өтті.
«Үкіметтің 2021 жылы басты мақсаты экономикалық өсуді 3 пайыз қамтамасыз ету, негізгі капиталға инвестицияларды 20 пайызға дейін, жалпы ішкі өнімді және шағын және орта бизнестің үлестерін 30 пайызға ұлғайту, ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігін 1,4 есе, өңдеу өнеркәсібін – 10 пайыз арттыру, жұмыссыздықты 4,9 пайызға дейін қысқарту болып табылады», деді Премьер-Министр.