1 ақпанда Қазақстан Республикасының аумағына Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы мен Әзірбайжаннан 8 халықаралық әуе рейсі келді.
874 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 741 адам, анықтамасыз 133 ҚР азаматтары келді. Оның ішінде: Алматы қаласының әуежайына – 5 рейс, 573 жолаушы, анықтамамен - 466, анықтамасыз - 107; Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 2 рейс, 166 жолаушы, анықтамамен - 141; анықтамасыз - 25;Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, 135 жолаушы, анықтамамен - 134; анықтамасыз - 1.Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.31 қаңтарда анықтамасыз келген барлық 644 ҚР азаматының ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті.