• RUB:
    4.69
  • USD:
    513
  • EUR:
    541.16
Басты сайтқа өту
Аймақтар 08 Ақпан, 2021

Алдағы күндері аяз күшейеді

602 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге, яғни 9-11 ақпанға ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz

«Кезең ішінде Қазақстан аумағының басым бөлігі Скандинавия аудандарынан келетін суық антициклонның ықпалында болады, онымен ауа температурасы 23-30 градус аязға дейін, елдің шығысында 28-33 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде. Ал батыс өңірлерге Атлантика аудандарынан кезекті циклон әсер етеді, жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі, көктайғақ, тұман, сондай-ақ ауа температурасы көтеріледі», делінген хабарламада.