Қаражатты бюджет тапшылығын жабу үшін шетелден қарызға алу жоспарланып отыр. Қаржы министрлігінің сайтында бұл жобаға қатысты ҚР Үкіметінің қаулысы жарияланған, деп хабарлайды Egemen.kz
«Сыртқы нарықта несиелік капиталды орналастыруға байланысты мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару туралы» жобада кем дегенде 500 миллион долларға баламалы мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар шығару жоспарланып отыр.
Қаржы министрлігінің айтуынша, ҚР үкіметінің қарыз алуы республикалық бюджеттің тапшылығын қаржыландыру, сондай-ақ қарыз құралдары бойынша ішкі нарықты дамытуға ықпал ету мақсатында жүзеге асырылады.
Айта кетейік, 2020 жылдың желтоқсанында Қазақстан коронавирус пандемиясының салдарымен күресуге және экономиканы қалпына келтіруге бағытталған Азия даму банкі мен Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінен 1,5 миллиард еуро көлемінде несиелік келісімге қол қойған еді.
Аида ОРАЛБЕК