Ұшқыш әуе кемесінің қозғалтқышының істен шыққанын хабарлағандықтан, Өскемен-Зайсан бағытында АКЗ1222 санитарлық рейсімен ұшып шыққан АН-2 ұшағы қайта қонуға мәжбүр болды.
Ұшақ Өскемен қаласынан оңтүстікке қарай 23 шақырым жердегі автокөлік жолына қонды.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлауынша, зардап шеккендер жоқ. Сондай-ақ ұшақ та зақымданбаған. Бортта экипаждың 3 адамы және 2 медицина қызметкері болды.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Әуедегі оқиғаларды тексеру басқармасының өкілдері оқиға болған жерге аттанды.
Айтолқын МЫРЗАКАРИМ