• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 09 Ақпан, 2021

117 жастағы әже короновирусты жеңді

461 рет
көрсетілді

117 жасқа аяқ басқан француздық Люсиль Рандон коронавирусты жеңді, деп хабарлайды  Egemen.kz Var-Matin француз газетіне сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, вирус Рандонда 16 қаңтарда Тулондағы қарттар үйінде анықталған. Хабарламада айтылғандай, әйелде індет симптомсыз өтті.

Люсиль Рандон 1904 жылы 11 ақпанда дүниеге келген. Жас кезінде ол губернатор қызметін атқарды, сондай-ақ ауруханада жұмыс істеді.

Айта кетсек, әлемдегі ең ұзақ өмір сүрген адам – 1903 жылы дүниеге келген жапондық Канэ Танака. Рандон қазіргі кезде осы рейтингіде екінші орынды алып отыр.

 

Айтолқын МЫРЗАКАРИМ