• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Ақпан, 2021

Алматы облысында дәрігерлер ана мен баланың өміріне араша түсті

242 рет
көрсетілді

Жұқпалы індеттің зардабын жас та, кәрі де тартып жатқаны анық. Қазір аймақтардағы жағдай шамалы тұрақтанғанымен, науқас саны азаймай отыр. Өкінішке қарай, Алматы облысында да эпидемиялық ахуал елең-алаң жағдайда, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ал дәрігерлер індетпен күресте мейлінше жедел қимылдап, адам жанынан араша болуға тырысып бағуда. Қуаныштысы, ақ желеңді жандардың жанқиярлық еңбегі оң нәтиже беріп жатыр. Мысалға, жақында облыстық аурухананың дәрігерлері коронавирусқа шалдыққан сарқандық жас ананы ажал аузынан алып қалды.

Қос өкпесі бірдей қабынған Меруертті аудан дәрігерлері облысқа әкелуге мәжбүр болған. Өйткені, науқас әйелдің аяғы ауыр екен. Жедел тексеруден кейін оның өкпесіндегі қабынудың 85 пайызға дейін жеткенін анықталған. Ал құрсақтағы шаранаға 35 апта болған екен.

- Біздің ауруханаға түскенде науқастың жағдайы ауыр еді. Коронавирустен екі өкпесінде де қабыну байқалған. Аяғы ауыр болғандықтан  әдеттегідей емдеу шарасын бастау қиын болды. Дереу консилиум жасап, Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларымен телебайланысқа шықтық. Профессорлардың кеңесін тыңдадық. Ақылдаса келе, жарық дүниеге келетін сәбидің денсаулығына зиян , тиімді емдеу шарасын бастадық. Он екі күн бойы науқасты жіті бақылап, өкпедегі қабынуды емдедік, тыныс жолдарындағы асқынудың алдын алдық. Дерттің беті қайта бастағана кейін ота жасап, баланы аман-есен туғыздық. Қазір ана мен баланың өміріне ешқөандай қауіп төніп тұрған жоқ, - дейді Талдықорғандағы облыстық аурухананың бас дәргері Анарбек Монғолхан.

Ең сүйсінерлігі, өмір мен өлімнің күресінде дүниеге келген сәбиден коронавирус белгісі анықталмапты. Індетен айығып, нәрестесін бауырына басқан ананың ақ желеңді жандарға айтар алғысы шексіз. Бұл сәби сарқандық жас отбасы  Меруерт Дүйсенбек пен Рауан Қылышбаевтың тұңғыштары екен. Олар қыздарына Кәусар деген есім беріпті. Қазір ана мен бала от басы, ошақ қасына оралды.