• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Оқиға 11 Ақпан, 2021

Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығын тойлау басталды

518 рет
көрсетілді

Кеше елордадағы Қ.Мұңайтпасов атындағы Олимпиада ре­зер­ві­­нің мамандандырылған Республикалық мектеп-интер­нат кол­леджінде қазақтың даңқты балуаны Қажымұқан Мұңайт­па­сұлының 150 жылдығын тойлауға арналған салтанатты шара өтті.

Жиынның ашылу салтанатында сөз сөйлеген Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райым­құлова Алаштың алып тұл­­ға­сы Қажымұқан Мұңайтпа­сұлының мерейтойын министрлік рес­публикалық деңгейде атап өту­ге дайындалып жатқандығын айтты.

– Қажымұқан атамыз – бар ғұмы­рын күрес өнеріне арнап, көзі тірісінде аңызға айналған адам. Кей деректерге сенсек, бал­­уан бабамыз күрестің бірнеше түрінен 54 мемлекетте белдесіп, 48 медаль олжалаған. Сонымен қатар Қажымұқан Мұңайтпасұлы ел есінде боз кілем төріндегі бал­уан­дығымен қатар, домбыра шертіп, ән салған сегіз қырлы, бір сырлы өнерпаз ретінде қал­ған. Батыр бабамыздың 150 жыл­дығы осы жылы республика көле­мінде атап өтіледі. Бүгін әлем­ді алаңдатқан пандемияға бай­ланысты салтанатты ашылу рәсі­мін кең көлемде атап өту мүм­кін болмай отыр. Десек те, бұған қарамастан бабамыздың 150 жылдығы лайықты, жоға­ры деңгейде тойланады деп сенім­мен айта аламын. Қажымұқан Мұңайт­пасұлының есімін ұлық­­­тау, мәңгілік есте сақ­тау мақ­­­са­тында арнайы республи­ка­лық іс-шаралар жоспары дайындалды. Бүгіннен бастап респуб­лика­мыздың барлық өңі­рінде түрлі іс-шаралар өткі­зі­леді. Осы сәтті пайдалана отырып, бар­­шаңызды соған бір кісідей ат­са­­лысуға ша­қырамын», деді Ақтоты Райым­құлова.

Шара аясында Сергей Цыруль­ников, Тимур Сыпатаев се­­кілді елімізге танымал зор күш иелері көпшілікке өз өнерін көрсетті. Өз кезегінде Сергей Цыруль­ников өткен ға­сыр пал­уан­­дарының мұрасын жаң­­ғыр­ту маңыздылығына тоқ­талды.

«Басты мақсат – өскелең ұр­пақ­тың бойына ата-бабаларымыз аманаттап кеткен қасиеттерді сі­ңі­ру. Ата-бабамыздың бізге қал­­дырып кеткен мұрасын жаң­­­ғыр­тып, соның негізінде жас­тар­ды тәрбиелеуге болады. Со­нымен қатар елімізде бұ­­қаралық және балалар мен жасөспірімдер спортына баса мән беру ма­ңызды. Сол жер­ден бо­­ла­шақ чемпиондар шы­ғады. Ми­нис­тр­ліктің қол­да­уы­мен мен де осы бағытты дамытуды жос­пар­­лап отырмын», деді С.Цырульников.

Ресми іс-шарадан кейін Ақтоты Райымқұлова Қ.Мұңайт­па­сов атындағы Олим­пиада резер­вінің маман­дан­дырылған Рес­пуб­ли­калық мектеп-интернат кол­лед­жі­нің жұмы­сы­мен та­ны­­сып, білім ордасында тәлім алып жатқан спортшы жас­тармен тілдесті.

Тарихи деректерге сүйенсек, Қажымұқан Мұңайтпасұлы 1871 жылғы 7 сәуірде Ақмола уезі, Сары­терек болысына қа­рас­­ты Жә­дік деген жерде дүние­ге келген. Дүние жүзінің чем­пион­­­дары Иван Поддубный, Иван Ше­мякин, Алекс Аберг, Иван Заикин, Георг Лурих, Поль Понс сынды палуандармен кү­рес­кен.