• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 12 Ақпан, 2021

Трансплантолог рекордты жаңартты

127 рет
көрсетілді

Қазақстанда адам ағзасын алмастыратын күрделі ота жасаудың қас шебері кім дегенде, еске бірден трансплантолог Абылай Донбай түседі. Бүгінде Шымкент қаласындағы №1 қалалық клиникалық ауруханасының бас дәрігері болып қызмет ететін Абылай Донбай бұл салаға саналы ғұмырын арнаған.

Елімізде ғана емес, ТМД елдері ішінде аты жиі айтылатын трансплантолог 11 жылдан бері медицина саласында еңбек етіп келеді. Тіпті Еуропаның үздік медициналық ұйымдарынан ұсыныс түссе де бас тартқан біл­гір маман туған қаласында еңбек етуді жөн санаған.

Табаны күректей он жылдам астам уақыт аралығында алтын қолды хирург 600-ден аса науқасқа операция жасапты. Хирургия бағытына ин­но­вациялық технологияларды енгізіп, трансплантология саласын дамытуға күш салған. Өзі басқарып отырған ауруха­надағы білікті мамандармен бірге Абы­лай Әбдіжаппарұлы 2019 жылы бауыр трансплантациясы отасын 5 сағат 48 минутта жасап, қазақ­стандық рекордты жаңартқан.

Бүгін өзі жұмыс істейтін №1 қалалық клиникалық ауруханада бүйрек және бауыр трансплантациясы операцияларын сәтті істеуде. Сондай-ақ ме­ди­циналық туризмді дамыту мақ­сатында 23 шетел азаматына бүйрек трансплантациясын жа­саған. Соңғы рет 166-шы бүй­рек трансплантация отасы сәтті аяқталған.

«Бүйрегі немесе бауыры жарамай қалып, шарасыз халге түскен науқастардың көзінен сөнген үмітті байқаймын. Сон­дықтан мұндай науқастардың өмірін аман алып қалу үшін күрделі ота жасап, үміттерін қайта жалғағым келеді. Науқастардың отадан кейінгі қуанышты жүзін көріп, одан әрі шабыттана түсемін. Өзім басқарып отырған №1 қала­лық клиникалық ауруханада жоғары мамандандырылған меди­циналық қызметтің сапасын арттырсам деймін. Алда жос­па­рым көп. Ең басты міндетім – сырқат­танған жандарға меди­циналық көмек көрсету», дейді Абылай Донбай.

 

ШЫМКЕНТ