• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
25 Желтоқсан, 2013

Негізсіз тексерудің жолы кесіледі

280 рет
көрсетілді

Астанада Бас прокурор Асхат Дауылбаев пен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасының төрағасы Тимур Құлыбаев өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды.

Астанада Бас прокурор Асхат Дауылбаев пен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасының төрағасы Тимур Құлыбаев өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды.

Меморандумға қол қоюдың маңыз­дылығын айта отырып, Асхат Дауылбаев Бас прокуратура мен Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өзара белсенді әрекеті Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» Стратегиясындағы кәсіпкерлерді жан-жақты қолдау жөніндегі мін­деттерді ойдағыдай іске асы­­руға се­бепші болуға бағыт­талғандығын атап өтті.

Бас прокурор кәсіпкерлерді қор­ғау прокурорлардың қызме­тін­дегі басым бағыт болып та­бы­латындығын атап көрсетті. Бұл тұр­ғыда бизнес пен мемлекеттің өзара әрекетін одан әрі жан­дандыру, бизнесті дамытуға әкім­шілік кедергілерді төмендету, кәсіп­керлерді заңсыз тексерулерден қорғау бойынша нәтижелі жұ­мыс жүргізілді.

Қабылданған шаралардың ар­қасында тексерулердің шынайы есебін жолға қою мүмкіндігі пайда болды. Кәсіпкерлердің қыз­метіне араласу фактілерінің жолын кесу үшін Бас прокуратураның бас­та­масы бойынша тексерулерді жоспарлау мен жүзеге асыру жүйесі реформаланды. Бар­лық деңгейдегі прокуратуралардың жа­нын­да құрылған мобильдік топ­тар тексерушілердің заңсыз әрекеттерінің жолын кесуге бағ­дар­ланған.

Атап айтқанда, 2013 жылы про­ку­рор­лық тексерулердің нәти­жесінде бизнесті қорғау сала­сында 11 мыңнан астам заң бұзу­шы­лық­тар анықталды. 2,5 мыңнан ас­там бизнес субъектілерін негізсіз тексерудің жолы кесілді. Кә­сіп­керлердің құқықтарына қатыс­ты 997 заңсыз актілер өзгер­тілді және жойылды. 13 мың­нан астам кәсіпкерлердің құқық­тары қорғалды. Түрлі жауап­кер­­ші­лік­терге 1220 тұлға тартылды. Нәти­жесінде заңсыз жоспарланған тексерулердің саны былтырғымен салыс­тырғанда 10 есеге төмендеді.

Тараптар атқарылып жатқан жұмыстың тиімділігін арттыру бой­ынша бірлескен ұсы­ныс­тар­ды жүзеге асыру үшін өзара әре­кеттесудің түрлі нысанда­рын пайдалану, ақпаратпен тұ­рақ­ты алмасу, аумақтық проку­ра­туралардың жергілікті бизнес-қауымдастықпен өзара белсенді әрекеттесуін қам­та­масыз ету жөнінде келісті.

«Егемен-ақпарат».

Соңғы жаңалықтар