• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Экономика 12 Ақпан, 2021

Үкімет экономиканы дамытуға арналған «Б» жоспарын дайындап жатыр

278 рет
көрсетілді

Бүгін Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев  Мәжілістегі Nur Otan партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын орындаудың Жол картасын талқылау жиынында Қазақстан Үкіметі пандемиядан соң экономиканы дамыту үшін «Б» жоспарын әзірлеп жатқанын айтты, деп жазады Egemen.kz.

Ал  сарапшылар «Б» жоспарының алдында тұрған «А» жоспарының нәтижесін сезбей жатып, бірден екінші жоспарға кірісіп кеткені қалай» деп алаңдай бастады.

Министрдің айтқанына тоқталайық: 

–  Үкімет Ұлттық банк және Қаржы нарығын дамыту агенттігімен бірлесіп, әлеуметтік-экономикалық ахуал нашарлаған жағдайда бірлескен іс-қимыл жоспары дайын. Бизнесті дамыту, сондай-ақ макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған. Коронавирустың таралуы және мұнай бағасының тұрақсыздығы және тағы басқа да сыртқы факторлар бар, – деді министр.

Айдархан Құсайынов экономикалық саясатты қаржыны үнемдеуден және экономикалық саясатқа түзету енгізуден бастау керектігін,  экономикалық саясатта «А»  жоспарымен қатар «Б»  жоспары қатар жүруі керектігін айтады.

 Басқаша айтқанда «Б»  жоспары құтқару жастықшасының көмегін атқаруы тиіс екенін айтады. Экономистің паймыдауынша, біз екі алпауыт мемлекеттің ортасында тұрмыз. Қытай өсіп жатыр. Олардың ішкі-сыртқы өсімі өздері қалаған деңгейдің шекарасынан шықпайды. Ал АҚШ санкциясы Ресейге ақша санауды және оны ретімен жұмсауды үйретті.

– Қазақстанда инфляция деңгейі 7 пайыздан асса,  Ресейде бұл көрсеткіш 3 пайыздың айналасында.  Қазір Ресей басы артық шығынға жол бермейді. Бізге де экономикалық саясатты қаржыны үнемдеуден және экономикалық саясатқа түзету енгізуден бастау керек», – деді Айдархан Құсайынов.

2014 жылы сол кездегі Ұлттық банк төрағасы «мұнай бағасы 80 долларды, ал ресейлік рубль 43 долларды маңайлай бастаса, онда теңге бағамына қатысты алаңдай бастауға болады» деген еді. АҚШ пен Ресей арасындағы текетірес одан әрі ушығып, санкцияның салқыны солтүстіктегі көршімізді бір сілкіп тастады. Сарапшылар болса Ресейдің қаржы секторы кейінгі 4 жылда мұндай ауыр соққыны бастан  кешпегенін айтады.

 Қазір доллар бағамы 60 АҚШ долларынан асса қуанатын болдық. Қаржыгер Ораз Жандосовтың пікірінше, рубльдің долларға шаққандағы бағамы құлайтын болса, ол теңгеге әсер етеді. Себебі Қазақстанның Ресейге деген экономикалық тәуелділігі шектен шығып кетпесе де, жоғары деңгейде. Бізге  басқа елдермен, Қытай Халық Республикасымен импорттық-экспорттық бағытымызды  әртараптандыруымыз керек. Ораз Жандосовтың айтуынша, сауда саласында Қазақстан Ресеймен бәсекеге түсуге қауқарсыз. Ол елдегі ішкі нарықтың өлшемі, адами әлеует және жағрапиялық мүмкіндігі бізден жоғары. Жағдайдың қалай болғанын сырттан бақылап отырған үкіметтің қандай шешімге келгені бізге белгісіз. Себебі үкімет «Б»  жоспарының қандай бағыттарға басымдық беретінін айтқан жоқ. Сарапшылар болса біз алда біраз уақытқа дейін рубльден қол үзіп келе алмайтынымызды айтады. Екеуінің де арқа сүйейтін сүйеніші  – мұнай мен шикізат көздері. Мұнайлы экономикаға деген тәуелділік екі елдің де шикізаттық емес секторға деген адымын тежеп тұр.

Сарапшылар үкіметіміз үкілеп отырған «А» жоспарының тегеуірінін сезген жоқ, «Б» жоспары қандай болатынын да үкімет ашып айтқан жоқ.  Оны дайындауға кімдердің қатысқаны және тәуелсіз сарапшылардың пікірінің қаншалықты ескерілгені бізге жұмбақ,  Үкіметтің беталысына қарасақ, бізде жоспар бар деп қамсыз отыр. Қоғам кешелі бері алаңдамауға қандай себеп бар деген сұраққа жауап іздп жатыр.