• RUB:
    4.69
  • USD:
    513
  • EUR:
    541.16
Басты сайтқа өту
Үкімет 12 Ақпан, 2021

Ермек Алпысов қызметінен босады

666 рет
көрсетілді

ҚР Үкіметінің қаулысымен Ермек Алпысов басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР ұлттық экономика вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz Премьер-Министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ермек Алпысов 1971 жылы Солтүстік Қазақстан облысында туған. Түрлі жылдары коммерциялық секторда жұмыс істеген.

Алматы облысы Ақсу ауданы әкімінің орынбасары, Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары, Талдықорған қаласының әкімі қызметтерін атқарған.

ҚР Президенті Әкімшілігінде түрлі лауазымдарда болды. ҚР ұлттық экономика вице-министрі қызметіне 2019 жылы тағайындалған.