Қазақстанның Сан-Францискодағы Бас консулдығының қолдауымен ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Жандос Бүркітбаевтың қатысуымен онлайн тәртібінде қазақстандық ұйымдар үшін «Zenysis Technologies» америкалық компаниясымен ынтымақтастық орнатудың мүмкіндіктері талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz
Кремний алқабында орналасқан компанияның Бас атқарушы директоры Джонатан Стамболистің айтуынша, ол нарықта COVID-19 пандемиясымен күресуде қолданылатын «үлкен деректер» (big data) және жасанды интеллект технологияларына негізделген сандық шешімдерді ұсынады.
Келіссөздер қорытындысы бойынша денсаулық сақтау саласында цифрлық шешімдерді қолдану және ахуалдық орталықтар құру мақсатында жақын арада ынтымақтастық туралы келісімге қол қою туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.