• RUB:
    4.91
  • USD:
    443.03
  • EUR:
    480.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 13 Ақпан, 2021

Семейде жасөспірім жүк көлігінің астына түсіп қайтыс болды

366 рет
көрсетілді

Семей қаласында жасөспірім жүк көлігінің астына түсті,  деп хабарлайды Egemen.kz

Шығыс Қазақстан облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 13 ақпанда сағат 16:40 шамасында болған. Жүк тиелген КамАЗ-ды тіркемесімен сүйреп бара жатқан Shasman жүк көлігінің жүргізушісі Глунки көшесінен айналма жолға шыға бергенде «Көктем» сауда үйінің жанындағы жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан адамды қағып кетті. Семей қаласының 16 жастағы тұрғыны оқиға орнында тіл тартпастан қайтыс болған.

«Қазіргі уақытта оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Бірқатар сараптамалар тағайындалды. Соның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады», деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.