• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Технология 14 Ақпан, 2021

Азияда цифрлы операция деңгейі артты

237 рет
көрсетілді

Сәт санап даму жылдамдығын арттырып жатқан цифрлы трансформация жаһандық өндірісті, сауданы және коммерцияны, сондай-ақ жұмыспен қамту саласына серпін бере бастайды. Азия даму банкінің зерттеуі бойынша, жаһандық цифрлық сектор мөлшерінің 20 пайызға өсуі 2021 жылдан бастап 2025 жылға дейін әлемдік өндіріс көлемін орташа есеппен жылына 4,3 триллион долларға арттыруы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz

АДБ есебінде Азия-Тынық мұхиты өңіріндегі сауда көрсеткіштері 2020 жылдың бірінші жартысында қатты әсер етсе де, күтілгеннен тезірек қалпына келеді  деп айтылады. Қазір Азияда тауар саудасының өсу қарқыны мамырда жылдық есеппен ең төменгі деңгейге -10,1 пайызға жеткен, бірақ 2020 жылдың қыркүйегінен бастап біртіндеп қалпына келіп жатыр. Жақында өңірдегі бірігу және сатып алу саласындағы компаниялардың белсенділігі қалпына келе бастамақ.

«Бұдан басқа, бүкіл әлемде 2019 жылы 3,8 триллион долларға жеткен тұтынушыларға цифрлық платформаларды (B2C) сатудан түсетін түсім негізінен Азия елдеріне тиесілі – жалпы соманың шамамен 48 пайызы. 2020 жылы бұл сандар айтарлықтай өсті, өйткені көлікке қоңырау шалу, азық-түлік жеткізу және электрондық коммерция сияқты іскерлік операциялар COVID-19 таралуын болдырмауға арналған шектеулер аясында цифрлық кеңістікке көшті» делінген АДБ хабарламасында.

Банк зерттеуінше, жаһандық цифрлық сектордың 20 пайыздық өсуі әлемдік өндірісті жылына 2021 жылдан 2025 жылға дейін орташа есеппен 4,3 трлн долларға арттыруы мүмкін. Сол сияқты, Азия-Тынық мұхиты өңірі  жылына 1,7 триллион доллардан немесе 2025  жылға дейін 5 жыл ішінде 8,6 триллион доллардан асатын экономикалық дивиденд алады. Азия-Тынық мұхиты өңірінде цифрлық технологияларды кеңінен қолдану нәтижесінде 2025 жылға дейін жылына 65 миллионға жуық жаңа жұмыс орны құрылмақ.