• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Қазақстан 15 Ақпан, 2021

Эпидемиялық ахуал тұрақталып келеді

245 рет
көрсетілді

Еліміздің тұс-тұсында қауіпті індеттің таралу қарқыны бәсеңдей бастады. Бұл жағынан Қазақстан қазір «жасыл аймақта» тұр. Денсаулық сақтау министрлігінің 14 ақпандағы эпидемиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес 11 өңіріміз – «жасыл аймақта». Бұрнағы күні «қызыл аймақта» болған Ақмола облысы Нұр-Сұлтан қаласына ілесе «сары аймаққа» қосылды. Сондай-ақ бұл қатарда Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстары бар. Ал індетті жұқтыру әлі өршіп тұрған Павлодар облысы – «қызыл аймақта» қалған бір ғана өңір.

Денсаулық сақтау министр­лігінің 14 ақпандағы мәліметі бо­йынша 23 828 адам коронави­рус инфекциясынан емделіп жа­тыр. Оның арасында 5 295 нау­қас стационарда, 18 533 науқас амбу­латорлық деңгейде ем қа­бы­лдауда: 244 адамның жағдайы ауыр, 51 адамның жағдайы өте ауыр, 42 науқас ӨЖТ аппаратын­да жатыр.

Кешегі дерек бір тәулікте 837 адамнан ПТР арқылы коронавирус инфекциясы анықталғанын көр­сетті. Мұның ішінде індетті ең көп жұқтырғандар «қызыл аймақтағы» Павлодар облысынан (130 адам) болса, одан Алматы қаласы да (110 адам) қалыса қой­мапты. Бұл Алматының «жасыл аймақта» болғанымен, жағдайды қатаң бақылауда ұстауы қажет екенін қаперге салады. Өйткені хал­қы тығыз мегаполистерде ахуал күрделеніп, «қызара» түсуі тез-ақ екенін елорданың мыса­лынан аңғаруға болады. Астана айналдырған бір айдың ішін­де бірнеше рет «қызуы» көте­ріліп, «қызыл аймаққа» кіріп шықты. Жал­пы, барлық өңірі­міз – еліміз «жа­сыл» деп жаға­сын жай­лау­ға жібермей, ауру­ды асқын­дыр­мауға аса сақ­тық­пен қара­ғаны жөн.

Бүгінде бейдауа індеттің бір­жола бетін қайтаратын бірден-бір амал вакциналау болып тұр. Елімізде ақпан айынан басталып кеткен бұл үдеріске үміт артып, екпе салдыруға ниеттілердің қа­тары толығып жатыр.

Эпидемиялық ахуал тұрақталып келедіЕліміздің тұс-тұсында қауіпті індеттің таралу қарқыны бәсеңдей бастады. Бұл жағынан Қазақтан қазір «жасыл аймақта» тұр. Денсаулық сақтау министрлігінің 14 ақпандағы эпидемиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, 11 өңіріміз – «жасыл аймақта». Бұрнағы күні «қызыл аймақта» болған Ақмола облысы Нұр-Сұлтан қаласының артынан «сары аймаққа» қосылды. Сондай-ақ бұл қатарда Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстары бар. Ал індетті жұқтыру әлі өршіп тұрған Павлодар облысы – «қызыл аймақта» қалған бір ғана өңір.Орынбек ӨТЕМҰРАТ,«Egemen Qazaqstan»

Денсаулық сақтау министрлігінің 14 ақпандағы мәліметі бойынша 23 828 адам короновирус инфекциясынан емделіп жатыр. Оның арасында 5 295 науқас стационарда, 18 533 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда: 244 адамның жағдайы ауыр, 51 адамның жағдайы өте ауыр, 42 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.Кешегі дерек бір тәулікте 837 адамнан ПТР арқылы коронавирус инфекциясы анықталғанын көрсетеді. Мұның ішінде індетті ең көп жұқтырғандар «қызыл аймақтағы» Павлодар облысынан (130 адам) болса, одан Алматы қаласы да (110 адам) қалыса қоймапты. Бұл Алматының «жасыл аймақта» болғанымен, жағдайды қатаң бақылауда ұстауы қажет екенін қаперге салады. Өйткені халқы тығыз мегаполистерде ахуал күрделеніп, «қызара» түсуі тез-ақ екенін елорданың мысалынан аңғаруға болады. Астана айналдырған бір айдың ішінде бірнеше рет қызуы көтеріліп, «қызыл аймаққа» кіріп шықты. Жалпы барлық өңіріміз – еліміз «жасылмыз» деп жағасын жайлауға жібермей, ауруды асқындырмауға аса сақтықпен қарағаны жөн.Бүгінде бейдауа індеттің біржола бетін қайтаратын бірден-бір амал вакциналау болып тұр. Елімізде ақпан айынан басталып кеткен бұл үдеріске үміт артып, екпе салдыруға ниеттілердің қатары толығып жатыр. 

Нұр-Сұлтан қаласында осы күнге дейін 1 640 адамға корона­вирусқа қарсы вакцина салыныпты. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында қалалық №2 емхананың директоры Ләззат Рыспекова мәлімдеді.

«Нұр-Сұлтан қаласының қоғам­дық денсаулық сақтау бас­қар­масы басшысының бұйры­ғымен елордада бірінші болып вак­цина егетін 5 емхана бекітілді. Осы емханаларда ең алдымен вирусты жұқтыру қаупі жоғары азаматтарға екпе салына бастады. Екпе жұмыстарын бас­тамас бұрын бес емханада да­йындық және ұйым­дас­ты­ру жұмыстары жүргізіл­ген. Атап айтқанда вакцинаны та­сы­малдауға арналған тер­мо­кон­тейнерлер алынды, оқыту жұ­мыстары өткізіліп, санитар­лық-эпидемиялық сала қыз­меткерлерімен қатар медицина қызметкерлері аттестаттау­дан өтті. Елордада қазірге дейін 1 640 адамға коронавирусқа қарсы вакцина салынып қойған. Вакцинаның бір флаконы бес адамға жетеді. Осы вакцинаны салу кезінде уақыт бойынша аралық тәртібі қатаң сақталды. Вакцина салынған адам алғашқы 30 минутта бақылауда болады», деді Л.Рыспекова.Елімізде бұған дейін де екпе салдыруға қарсылық танытқан адамдар болды. Бұл қатардағы жұрттың біразы вакцинаны салдырғаннан кейін кері әсер ететінін ойлап, қауіптенді. Алайда вакцина салдырған кісілердің қазір жағдайы қалыпты екен. Мұны баспасөз мәслихатында Қоғамдық денсаулық сақтау ұлт­тық орталығының дәрігер-эпи­демиологы, сарапшы қуаттады.

«Бүгінгі таңда КВИ-мен тиім­ді күрес жолдарының бірі осы вакциналау екенін бүкіл әлем мойындап отыр. Медициналық қызметкерлер қауіпті топқа жата­тын болғандықтан, егуді солардан бастадық. Ақпан айының 1-інен бастап егілгендердің саны 14 мыңға жуық болды. Сол егіл­ген адамдардың арасында аса қауіпті ауыр асқыну белгілері бай­қалған жоқ. Бізде күтілетін реак­циялар болады. Егу салған жер­де орнында қызару, аздап ауырсыну белгісі, температураның жоға­ры­лауы және қысқа уақыт­та артериялық қысымның жоғары­лауы байқалды. Бірақ бұл белгі­лердің барлығы да медициналық көмек­тің қажетінсіз бірнеше сағат­тан бастап бірнеше күнге дейін өз­ді­гінен таралып отырды», деді ол.

Жоғарыда коронавирус инфекциясынан сақтандыратын вакцинаға дейін де біраз жұрт басқа аурулардан қорғайтын екпені салдыруға қарсы болға­нын айтып өттік. Осы ретте халық арасында мынадай сауал туын­­дап жүр: Тұмауға қарсы ек­­пелер КВИ-ға қарсы иммуни­тетті төмендетеді деген рас па? Бұл сауалдың жауабын Лена Қасабекова берді.«Коронавирус инфекциясы пандемиясына дейін елімізде жыл сайын тұмауға қарсы егіліп жүрген қауіпті топ халықтың 10 пайызын құраған. Ал пандемия басталғалы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бұл көрсеткішті 40 пайызға дейін көтеру керек деген ұсыныс жасады. Себебі КВИ кезінде қауіпті топтар арасында жоғары сырқат­танушылық белгілері, асқыну­лар және өлім-жітім көп болды. Тұмауға қарсы егілмеген адамдар тұмаумен ауырып, қосымша коронавирус жұқтырғанда, бұл көрсеткіштер артты. Меніңше, бұл екі жұқпалы аурудың қауіп топтары бірдей: медицина қыз­меткерлері, 65-тен асқан ересек адамдар, созылмалы аурулары бар адамдар. Сондықтан керісінше, тұмауға қарсы вакцина адамдарды тұмаудан қорғап, КВИ мен тұмаудың қатар асқы­нуынан сақтайды. Сондай-ақ барлық зерттеу тұмауға қарсы вакцинаның КВИ-ге қарсы иммунитетті төмендетпейтінін дәлелдеп отыр», деді сарапшы.

Жалпы үміт пен күдігі қатар вакцинаға қатысты ел арасында алыпқашпа әңгімелердің кеңінен тарағаны белгілі. Соның бірі қазіргі індетке қарсы вакциналар бедеулікке ұрындырады деген қауіп екен. Брифингте жур­налистердің сұрақтарына жауап берген сарапшылар вакци­наның жыныстық бездер функцияларына әсері туралы мифті жоққа шығарды. Осы ретте Ұлт­тық фтизиопульмонология ғылы­ми орталығы директорының клини­калық және ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, медицина ғылымдарының докторы Ләззат Ералиева ешқандай проблемалар болмайтынына сендірді.«Вакцинаны халыққа қол­данбас бұрын жануарларға зерт­ханалық көптеген клиника­ға дейінгі зерттеу жүргізіледі. Бедеу­ліктің пайда болу қаупі – вак­цина қауіпсіздігінің маңызды өлшемдерінің бірі. Бұл міндетті түрде зерттеледі. «Спутник V» де басқа вакциналар сияқты және «Kaz-Covid-in» де репродуктивті функцияға әсер етпейді. Егер біздің қазақстандық вакцина туралы бөлек айтатын болсақ, оның технологиясы 80 жылдан астам уақыт бойы қолданылып келеді. Осылайша тұмауға, полиомиелитке, кене энцефалитіне қарсы вакциналар әзірленді. Олардың жыныстық бездер функциясына ықтимал әсері баяғыда зерттеліп қойған. Олар бедеулікке апармайды», деді Л.Ералиева.

Қалай дегенмен бұл індетке қарсы тұрар «қару» – вакцина. Қазіргі заманға дейінгі қаншама жұртты жалмаған небір обаны вакцинаның күшімен тоқтатқан. Сондықтан аман-есен, ашық-жарқын қалыпты өмірге оралу үшін індет қаупінен біржола құтылатын жол – вакциналаудан қашпаған абзал.