• RUB:
    4.83
  • USD:
    443.37
  • EUR:
    474.49
Басты сайтқа өту
Теннис 15 Ақпан, 2021

Жерлестеріміз үшін жарыс аяқталды

187 рет
көрсетілді

Бұл күндері Мельбурн қаласында өтіп жатқан Аустралияның ашық чемпионаты қазақстандық спортшылар үшін мәресіне жетті. Жерлестеріміз арасында жарысты жалғастырған Зарина Диас, Юлия Путинцева мен жұптық сында бақ сынаған Александр Бублик пен Андрей Голубев қарсыластарынан жеңіліп қалды.

З.Диас үшінші кезеңде испаниялық Г.Мугурусадан жеңілсе, Ю.Путинцева әлемнің бесінші ракеткасы украиналық Элина Свитолинадан ойсырай ұтылды – 6:4, 6:0. Сөйтіп жекелей сындағы Қазақстанның қалған екі спортшысы да жарыстан шығып қалды.

Қалған үміт жұптық сында өнер көрсетіп жатқан жігіттерімізде еді. Өкінішке қарай, олар да жарыстың төртінші айналымында жеңіліп, ширек финалға шыға алмады. Сальвадорлық Марсело Аревало мен нидерландық Матве Мидделкоппен кездес­кен жерлестеріміз тартысты өткен бәсекеде 7:6, 7:6, 6:3 есебімен жол берді.